• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Маусым, 2020

Италияда COVID-19 құрбандарының туыстары ел билігін сотқа берді

600 рет
көрсетілді

Италияда коронавирустен құрбан болған науқастардың туыстары ел билігіне қарсы сотқа шағым түсірді. Олар билікті коронавирске қарсы күресте оңтайлы шешім қабылдай алмады деп айыптауда, - деп жазады Egemen.kz

Италияда коронавирус құрбаны болғандардың 50-ге жуық туысы билікке қарсы ресми шағым түсіріп, сотқа берді. Халық оларды пандемия өршіген тұста тиімді шешім қабылдай алмады деп айыптауда. Бұл елдегі ұжым болып қабылданған алғашқы заңды қадам. Шағым Бергамо прокуратурасына берілді. Себебі, топтың бастамашы өкілі Стефано Фусконың айтуынша, бұл қала Италия трагедиясының символы болды.

BBC агенттігінің мәліметінше, Бергамо прокурорлары тергеуді Премьер-Министр Джузеппе Контеден бастайды. Сондай-ақ Денсаулық сақтау және Ішкі істер министрлерінен жауап алады деп күтілуде. Тергеу барысында вирус "қызыл" зонадан асып кеткенін біле тұра, Нембро мен Альзано қалаларында карантин ақпан айынан бастап неліктен жарияланбағаны туралы қаралады.

Италияның Денсаулық сақтау министрі Джулио Галлера 23 ақпан күні Нембро мен Альзанода жұқтырудың көптеген жағдайларынан хабардар болғанын мойындады. Соған қарамастан, Италияның солтүстік аймағы 8 наурыздан бастап қана карантинге жабылды. Елдің орталық билігі Ломбардия провинциясының билігін дер кезінде шешім қабылдамағаны үшін айыптап отыр, бірақ қарсы тарап елдің тұтас учаскілерін жабу туралы шешімді федералдық үкімет ғана қабылдай алатынын айтады.