• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Елорда 11 Маусым, 2020

Нұр-Сұлтанда ҰБТ үш университеттің базасында өтеді

335 рет
көрсетілді

Тест былтырғыдай күнара емес, күн сайын өткізіледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Нұр-Сұлтандағы ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) 20 маусым мен 5 шілде аралығында үш университетте өтеді: Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (2 589 оқушы, 13 аудитория), С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (1818 оқушы, 7 аудитория) және Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті (1884 оқушы, 13 аудитория).

"Бүгінде ҰБТ қатысушыларының мәліметтер базасы бар, сәйкестендіру кодтарын беру рәсімі өтті. ҰБТ өткізу орындары барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді", – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы.

Биыл лек саны екі есе артып, барлығы 14-ке жетті. Осылайша былтырғы оқу жылындағыдай күнара емес, әр күн сайын өткізіледі.