• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 11 Маусым, 2020

Қазақстан 30 мың тонна балық өнімін экспорттады

340 рет
көрсетілді

Өткен жылы балықты қайта өңдеу нәтижесінде жалпы сомасы 60 миллион АҚШ долларына 30 мың тонна өнім экспортталды, бұл 2018 жылғы деңгейден 16,6%-ға артық. Бұл туралы халық алдында есеп беру кездесуінде Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Ведомство басшысының айтуынша, балық саласындағы өзекті мәселе балық өнімдерінің көлеңкелі айналымы болып табылады. Ол орташа жылдық өнімнен 5 есе артық. Оны жою үшін балық айналымының су айдынынан соңғы тұтынушыға дейін бүкіл үдерісін цифрлау қажет. Балықтарды көлеңкеден шығару салық салу базасын 40 млрд теңгеге ұлғайтады.

Министр отандық балық өнімдері нарығының көлемін ұлғайтудың жоғары әлеуеті бар екеніне сенімді.

Осыған байланысты, қазіргі уақытта министрлік балық саласын ұзақ мерзімді дамыту үшін, соның ішінде инвестициялар тартуға және жұмыс орындарын ашуға септігін тигізетін саланы субсидиялау бойынша бірқатар заңнамалық шараны пысықтауда.