• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Маусым, 2020

Білім басқармасына қарасты мекеме басшысы пара бергені үшін тергеуге алынды

436 рет
көрсетілді

Қостанай облысының білім басқармасына қарасты "Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау орталығы" коммуналдық мекемесінің басшысы пара берді деген күдікке ілікті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Мекеме басшысы мемлекеттік сатып алу конкурсын ұтып алған коммерциялық ұйымға келісімшарт бойынша бөлінген 158 млн теңге қаржының аударымын жеделдету үшін қалалық білім бөлімінің лауазымды тұлғасының жеке есепшотына  9 млн теңгеден астам ақша аударған.

Мекеме басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктінің кінәсін сот анықтайды, - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің бас маманы Евгений Бедыч.

 

Қостанай облысы