• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Маусым, 2020

Шымкенттегі 8000 орындық мешіттің құрылысы келесі жылы аяқталады

1053 рет
көрсетілді

Шымкент қаласында салынып жатқан 8000 орындық жаңа мешітте тазалық шарасы ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкент қаласының Бас имамы Б.Абдурахмановтың жетекшілігімен өткен тазалық шарасына Абай, әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау ауданындағы мешіт имамдары мен "Зекет" қоры "Жастар секторы" өкілдерінің мүшелері қатысты. Бас имамның айтуынша, бұл шара айына бір рет ерікті түрде өткізіліп тұратын болып шешілді.

Сəулетті мешіт Шымкенттің жаңа әкімшілік-іскерлік аймағында бой көтеруде. Жеке инвестор есебінен салынып жатқан мешіт кешенінде автокөлік паркингі, күннен қуат алатын құрылғылар қойылады. 8 мың адамға арналған зәулім мешіттің құрылысын "Мұнай Құрылыс Сервис" ЖШС жүргізіп жатыр. Мұнда сонымен қатар мұсылмандық жораларды жасайтын орындар, конгресс-холл, тамақтануға арналған зал, неке сарайы, исламдық білім беру орталығы, медресе, кітапхана мен әкімшілік бөлмелер, фитнес орталық салынады. Мешіт құрылысының жалпы көлемі - 12,0058 га, ал, паркингтың жалпы жер көлемі 218,8х58,8м-ды құрайды. Мешіттің төрт мұнарасы бар. Ал негізгі күмбездің биіктігі – 56 метр.

Жауапты мамандардың мәлімдеуінше, қазіргі таңда мешітте құрылыс қызу жүруде. Биыл онда негізгі құрылыс жұмыстары толық аяқталмақ. Келесі жылы сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілмек.

Айта кетсек, сәулетті мешіт 2021 жылы сәуір айында, яғни, Рамазан айы қарсаңында ел игілігіне беріледі деп жоспарлануда.