• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Маусым, 2020

Уақытша жүзуге тыйым салынған аудандарды белгілеу ережелері өзгертілді

171 рет
көрсетілді

"Жүзуге тыйым салынған және жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу қағидаларын бекіту туарлы" ҚР Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №455 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Қорғаныс министрінің бұйрық жобасы әзірленді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Бұйрықты қабылдаудың мақсаты онда қолданылатын ұйғарымдарды 2019 жылғы 8 ақпандағы № 222-VІ ҚРЗ ратификацияланған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияға сәйкес келтіру болып табылады.

Бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі шеңберінде әзірленген. Оны қабылдау әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға келеңсіздік әкеп соқпайды.

Толық мәтінмен "Электрондық үкімет" порталындағы "Ашық НҚА" бөлімінде танысуға болады.