Әкімнің онлай-форматта өткізген қоғамдық қабылдауында тұрғындар бірнеше мәселені қозғады, - деп хабарлайды Egemen.kz
Соның ішінде тұрғын үй бағдарламаларына қатысу мен тұрғын үй жағдайын жақсарту, әлеуметтік көмек көрсету, жұмыспен қамту, медициналық көмек, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік секілді баршаға ортақ мәселелер бар. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныстарды зерделеп, оларға толық жауап беруді Атырау қаласының, сондай-ақ аудандардың әкімдеріне, тиісті басқармалардың басшыларына тапсырды. Осыған байланысты әкімдерге бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ әлеуметтік мәселелердің толық шешілуін жіті бақылауда ұстайтынын жеткізді.
"Біздің басты мақсатымыз – халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру. Сондықтан, тұрғындарды толғандырып отырған барлық мәселе бақылауымызда болады", - деді Махамбет Досмұхамбетов.