• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Маусым, 2020

"АЯЛА" қайырымдылық қоры H&M-нің 2 мың киімін таратып берді

804 рет
көрсетілді

"АЯЛА" қайырымдылық қоры H&M-Қазақстан қайырымдылық шарасының шеңберінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы табысы аз, көмекке мұқтаж 104 отбасын сапалы киімдермен қамтамасыз етті. Бұл қордың COVID-19 пандемиясының Қазақстандағы салдарларымен күреске бағытталған он төртінші жобасы, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаһанды жайлаған індеттің белең алуы мен оның әлеуметтік кері салдарларын азайтуға септігін тигізу үшін H&M-Қазақстан жергілікті деңгейде қайырымдылық көмек беру туралы шешім қабылдады. "АЯЛА" қорын қоса алғанда, небәрі 3 қайырымдылық қоры арқылы Қазақстан халқының әлеуметтік тұрғыдан осал санатына жалпы 38 млн теңге сомаға 8000 дана киім және аяқ киім берілді.

Компания балаларға қолдау көрсету орталықтарына, балалар үйлеріне, табысы аз отбасыларға, медицина жұмыскерлеріне және қиын жағдайға тап болған қазақстандықтардың басқа топтарына ерлер, әйелдер және балалар киімдерін таратып берді.

"АЯЛА" қоры H&M Қазақстаннан ересектермен балалар үшін 2000 дана жаңа тоқыма бұйымдары мен аяқ-киім алды. Бұл көмектің көпшілігі Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы табысы аз 104 отбасына берілді. Бұл табысы аз немесе толық емес отбасылар. Олардың көпшілігі денсаулығына байланысты ееркші күтімті қажет ететін балаларды асырап отыр. Биыл сәуір және мамыр айларында көпшілігі қордан үлкен азық-түлік қоржындар түріндегі көмек алды. Нақ осы уақытты олар қор қызметкерлеріне өздері мен балаларына киім сатып алуға қиналып жүргендерін білдірген екен.

Қор H&M-Қазақстан брендінен алған 135 қорап киім-кешектің 89 қорабын Нұр-Сұлтан қаласына және 46 қорабын Алматы үшін дайындап, аттандырған.

Ал Қор қызметкерлері 104 отбасының әрқайсысына алдын ала қоңырау шалып, олардың қандай киім-кешек, аяқ-киімдерге мұқтаждығын сұрастырып,  отбасының әрбір мүшесінің киім мөлшерін нақтылады. Осылайша атаулы көмекке арналған қораптар салынды. Оларға ерлер мен әйелдерге арналған киімдер –­ кардигандар, джинсилер, спорт шалбарлары, футболкалар, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерге арналған киімдер мен аяқ киім: ішкиімдер, шұлықтар және тіпті қыз балаларға арналған сөмкелер де кірді. 

Нұр-Сұлтанда H&M-нің жаңа заттары салынған 9 қорап Қ.Мұңайтаспов атындағы олимпиада резервінің спорт мектеп-интернатына берілді. Өйткені, мұнда өңірлерден келген және табысы аз отбасылардың балалары оқиды. №1 арнаулы мектеп-интернатқа 10 жетім бала үшін 1 қорап берілді. Елорданың мұқтаждығы айрықша балалары бар табысы төмен әрбір отбасы бір қораптан киім және аяқ киім салынған 70 қорап алды. Тағы 9 қорапты Ақмола облысының Ақкөл ауданында орналасқан "Урюпинка ауылының балабақша-спорт-интернаты" КММ-гі айрықша мұқтаждығы бар 84 бала алды.

Алматыда табысы аз отбасыларымен қатар киім мен аяқ-киім жиынтығын "Сәбилер үйінің" балалары да құр қалмай – оларға да 3 қорап бұйырды. Тағы 9 қорап № 2 арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығының тәрбиеленушілеріне берілді.

"Біз Қазақстандағы H&M ауқымды бағдарламасына қосылып, мұқтаж адамдарды дәл қазіргідей кезеңден өте қажет сапалы киіммен қамтамасыз етуді қуанамыз. Пандемия салдары қазақстандықтардың ең осал топтарын – көп балалы немесе толық емес отбасыларын, ерекше күтімті қажет ететін балалары бар отбасыларды қинап отыр. Біз өз қамқорлығымызға алған адамдармен үнемі байланысып отырамыз. Осының арқасында екі бірдей қалада тиесілі затарды тура мекенжайларына дейін жеткізіп бердік. Қор өз қолдауының көлемін кеңейту және COVID-19 вирусынан болған еліміздегі жағымсыз әлеуметтік салдарларды барынша азайтуға көмек беру үшін жаңа мүмкіндіктер мен серіктестер іздеуді жалғастырады", – дейді "АЯЛА" қорының президенті Айдан Сүлейменова. 

Көмекке мұқтаж, табысы аз отбасылармен жұмыс – бұл қордың жаңа бастамасы. Отбасылардың тізімі Нұр-Сұлтан және Алматы әкімдіктерімен бірге жасалады. 2020 жылғы сәуірден бастап маусымға дейін бірнеше жобаны іске асырудың нәтижесінде табысы аз 184 отбасы "АЯЛА" қорынан азық-түлік қоржындар мен киімдер алды.

COVID-19 пандемиясының Қазақстандағы кері салдарларына кедергі болу үшін "АЯЛА" қоры ірі демеушілерден 130 млн теңгеден астам қаражат тартты. Қор президенті Айдан Сүлейменованың бұл жобаларға қосқан жеке үлесі 53 млн теңгеден асты.