• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Саясат 12 Маусым, 2020

Сенат Төрағасы Жапония Елшісімен кездесті

180 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тацухико Касаимен кездесті, - деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі. 

Кездесу барысында парламентаралық байланыстардың келешегі, сондай-ақ, екіжақты экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері сөз болды.

Мәулен Әшімбаев қазақстандық парламентшілердің жапон әріптестерімен екіжақты және халықаралық парламенттік ұйымдар, атап айтқанда, Парламентаралық Одақ аясындағы өзара нәтижелі ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін атап өтті.