• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Маусым, 2020

Ұлттық кеңес туралы кітап жарыққа шықты

352 рет
көрсетілді

Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Ұлттық кеңес туралы басылым дайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (KAZISS) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына қол қойылғанына бір жыл толуына орайластырып "ULTTYQ KEŃES: Хроникасы. Ерекшеліктері. Нәтижелері" атты басылымын дайындады.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев бұл Жарлыққа 2019 жылғы 12 маусымда еліміздегі ең жоғарғы саналатын - Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ресми қабылданған күні қол қойғаны белгілі. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінқұру Президент Қ.К.Тоқаевтың өзінің сайлауалды уәделерін тиімді қоғамдық диалог қалыптастыру бөлігіндегі орындауының айқын дәлелі, сондай-ақ Президенттің "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының дамуының жолашары болды.

ULTTYQ KEŃES: Хроникасы. Ерекшеліктері. Нәтижелері» кітабы құрамына экономика, адам құқықтарын қорғау салаларындағы танымал сарапшылар, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар өкілдері мен мәдениет қайраткерлері кіретін маңызды консультативтік-кеңесші орган ретінде таныта білген Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жұмысының бірінші жылының нәтижелеріне арналады.