• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Маусым, 2020

Суға батып бара жатқан қызды аман алып қалды

328 рет
көрсетілді

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кеше, 10-шы маусымда сағат 18:50-де Ақсу қаласы жағажай маңында бір қыздың шомылу кезінде суға кеткені туралы хабарлама келіп түскен, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қыз ресми жағажайдың сыртындағы тыйым салынған жерде шомылған. Жанында болған құрбысы екеуі де судан шыға алмай қалады. Осы кезде  "Ботаханова Т.Н." жеке кәсіпкерлігіне тиесілі жеке жағажайдағы қоғамдық құтқарушылар қыздарды судан алып шығып, алғашқы жедел көмек көрсеткен.

Сонымен бірге, құтқарушылар жедел медициналық көмек бригадасын шақырды. Медицналық қызметкерлер зардап шегуші қызды Ақсу қалалық ауруханасына жеткізді. Қазіргі уақытта дәрігерлер оның жай-күйі жақсы екенін хабарлады.

Қоғамдық құтқарушылар Лятецкий Данил, Сабиев Василий, Лаевский Богдан және Баспаков Әділдің  оқиға орнында дер кезінде жедел көмек көрсетіп, қыздың құтқарып қалды. Ал, қоғамдық құтқарушыларды алғашқы көмек көрсетуге және суға батып бара жатқан адамдарды құтқаруға облыстық Төтенше жағдай департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері үйретуде.

 

Павлодар облысы