• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 14 Маусым, 2020

Премьер-Министр Асқар Мамин коронавирусқа тест тапсырды

243 рет
көрсетілді

Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметінің жетекшісі Зарина Нұрланова Facebook парақшасында жазды.

"12 маусымда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барып қайтты, онда Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов та болды. Е.

Біртановтан COVID-19-ға алынған анализде вирустың анықталуына байланысты, Премьер-Министр тест тапсырды, оның нәтижесі — теріс.

Айта кеткен жөн, жұмыс сапары барысында денсаулық сақтау министрі респираторлық маска киіп жүрді. Үкімет басшысы Асқар Мамин қазіргі таңда өзін-өзі оқшаулауда, дегенмен бейнеконференция байланысы режимінде кестеге сәйкес жұмыс істеуді жалғастырады", - делінген хабарламада.