• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Маусым, 2020

Көкшетауда қан орталығына 8 мың ерікті қан тапсырған

336 рет
көрсетілді

Көкшетаудағы облыстық қан орталығының мамандары теміржол вокзалының ұжымымен бірлесіп, жыл сайын "Қан тапсырып,  өмірді сақта!" атты акция ұйымдастыруда, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қан тапсыруға ниеттілердің қатары көп. Волонтерлар жылы аясында "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы "2020 қайырымды іс" акциясын бастап кетті.  

"Аталмыш бағдарлама әр компанияда эстафета түрінде өтуде. Бір оңдысы – қызметкерлеріміз қуана-қуана атсалысуда. Науқас жандарға көмегіміз тиеді деген үміттеміз", – дейді Көкшетау теміржол вокзалының бастығы Роза Арыстанқызы.   

Қазақстанда кепілдендірілген медициналық көмек аясында донорларға кейбір кең таралған ауруларды, гемоглабин деңгейін анықтауға арналған тестердің нәтижелері тегін беріледі. Сондай-ақ қан тобы мен резус-факторын анықтап береді.  

"Мен өзім де донормын. Қан тапсыруды шарапаты мол қайырымдылық деп санаймын. Өйткені, өзіңнің осы әрекетің арқылы өзгеге өмір сыйлайтын жағдайлар көп кездеседі. Әдетте медициналық емдеу мекемелерінің босану бөліміндегі аналарға, онкология, гемотология бөілімінің, түрлі жарақат алған науқастарға қан құю қажет болып жатады", – дейді облыстық қан орталығының маманы Дина Шәріпова.  

Өткен жылда қан орталығына 8 мың ерікті қан тапсыруға келген. Оның 6 мыңнан астамы донор атанған. 

 

Көкшетау қаласы