• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Маусым, 2020

Түркияның шығысында жер сілкінді

333 рет
көрсетілді

Түркияның шығысындағы Бингёль провинциясында магнитудасы 5,7 болатын жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Anadolu агенттігі.

Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасының мәліметінше, жер сілкінісі туралы ақпарат жергілікті уақыт бойынша сағат 17:24-те тіркелген. Жер дүмпуінің эпицентрі Карлы уезінің аумағында болған. Зілзала Эрзурум, Трабзон, Эрзинджан, Карс, Батман, Диярбақыр, Сиирт, Мардин, Элязыг және Малатья провинцияларында да сезілген. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, оқиға салдарынан 18 адам жарақат алып, 1 адам көз жұмған.

Бингёль провинциясының губернаторы Экинджидің сөзіне сүйенсек, Кайнарпынар ауылында жер сілкінісі кезінде полиция басқармасының екі бақылау мұнарасына зақым келген, салдарынан қауіпсіздік қызметінің үш қызметкері жарақат алған. Сондай-ақ құрылыс қалдықтарының үйінділері арасынан жеті адам шығарылған. Олардың біреуі біршама уақыт өткен соң қайтыс болған.

Сонымен қатар, Эльмали және Динармей елді мекендерінде 10-ға жуық үй зақымдалыпты. Түркия Ішкі істер министрлігі өңірге 26 көлік құралы, 109 адамнан тұратын дәрігерлер мен құтқарушылар тобы жіберілгенін хабарлады. Ведомствода қосымша көмек қажет болған жағдайда, екі әскери ұшақ дайын екені айтылды.