• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Маусым, 2020

Таразда бүгіннен бастап қоғамдық көліктер өз жұмысын бастады

832 рет
көрсетілді

Коронавирус індетінің алдын алу мақсатында Жамбыл облысында карантин енгізілгелі бері қоғамдық көліктер де өз жұмысын тоқтатқан болатын. Алайда өңірдегі карантин режимі жеңілдетілгенде де автобустар жүрген жоқ. Бірақ бүгінде облыста карантин режимі қайта күшейтілді. Дегенмен қоғамдық көлік мәселесі де тұрғындар тарапынан жиі көтерілген мәселеге айналды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінгі күннен, яғни 15 маусымнан бастап қоғамдық көлік шектеулі режимде өз жұмысын бастады. Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметінше, автобус маршруттарының жұмыс кестесі таңертең сағат 07:00-ден 10:00-ге дейін және кешкі сағат 17:00-ден 20:00-ге дейінгі аралықта жалғасады.

Сонымен қатар коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында Тараз қаласында қоғамдық көлікте маскалар мен қолғаптарды міндетті түрде кию режимін енгізу туралы маңызды шешім қабылданды. Аталған шешімнің орындалуын мониторинг тобы бақылайтын болады.