• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Маусым, 2020

Бейжіңде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 36 жаңа жағдайы тіркелді

374 рет
көрсетілді

Қытай астанасы Бейжіңде екінші толқынның қаупі аясында коронавирус індетінің 36 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл туралы BBC News агенттігіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

11 маусымға дейін Бейжіңде 56 күн бойы коронавирусты жұқтырудың бірде-бір жағдайы тіркелмеген болатын. Қазіргі уақытта "Синьфади" базары жабылды. Онда эпидемиологиялық тексеріс жүргізіліп жатыр.

Елдің вице-премьері Сунь Чуньлан Пекиндегі "Синьфади" базарындағы кластерлік өршуге байланысты індеттің таралу қаупі өте жоғары екенін ескертті. 

Сенбі күні Бейжіңде 36 жаңа жергілікті ауру жағдайлары тіркелді, олардың барлығы CGTN-ның мемлекеттік БАҚ-тарымен бүкіл Азиядағы ірі көтерме сауда нарығы ретінде сипатталған "Синфади" базарында байланыста болғандар.

 

10 000-ға жуық базар қызметкерлері вирустың бар-жоғына тексеріледі.