Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Көксай шағын ауданының аумағында көлік апаты болып, қапелімде екі тәртіп сақшысы тіл тартпай кетті. Оқиға орнында үшінші қызметкердің жарақат алғаны белгілі болған еді. Зардап шеккен үшінші полицей бүгін ауруханадан шығады. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
"Қазір науқастың жағдайы жақсы. Есін жиған. Жан-жағын бағдарлай алады. Неврологиялық симптоматика төмендеді. Астеновегетативті синдром аздап сақталған. Бүгін ауруханадан шығады", делінген хабарламада.