• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Маусым, 2020

Металл сынықтары мен қалдықтары нарығын реттеуді көздейтін келісімге қол қойылды

597 рет
көрсетілді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде металлургиялық және сынық дайындайтын кәсіпорындар арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, - деп хабарлады аталған министрліктің баспасөз қызметі. 

Құжатқа қол қою шарасына Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі А.Қ. Ержанов, "Қайталама металлургияның республикалық салалық қауымдастығының" президенті В. В. Лик, "Қазақстанның түсті және қара металл сынықтарын дайындаушылар мен өңдеушілердің ӨРҰ" төрағасы В. Я. Дворецкий, "Түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау, сату жөніндегі компаниялар қауымдастығы" ЗТБ төрағасының орынбасары А. М. Бисенғалиев, "Ferrum — Vtor" ЖШС директоры Б. К. Құдабаев, "Шымкент Темір" ЖШС Керімбай Қ. З., "KSP Steel" ЖШС директоры Кенжебаев М. К., "Кастинг" ЖШС директоры Чевтаев В. Н. және "АрселорМиттал Теміртау" АҚ директорының өндіріс (жабдықтау және логистика) жөніндегі орынбасары Мохан В қатысты.

Министрлік түсті және қара металдардың қалдықтары мен сынықтарды жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөніндегі қызметті реттеуді жүзеге асыру бойынша құзырет беру жөніндегі жұмысты аяқтады. Құзырет түсті және қара металдар қалдықтары мен сынықтарды жинау, сақтау, қайта өңдеу және өткізумен айналысатын заңды тұлғалар қызметіне қойылатын талаптарды белгілеуді, сатып алынған және өткізілген сынықтар туралы есептілікті ұсыну нысаны мен мерзімін айқындауды көздейді.

Осы ережені іске асыру үшін келесідей заңға тәуелді актілер қабылданып, бекітілді:

"Сатып алынған және сатылған сынықтар туралы есептілікті ұсыну нысаны мен мерзімдерін анықтау туралы" бұйрық. Мемлекеттік тіркелімі 30.03.2020 ж. № 161. Бұл норма елдегі сынықтың түзілуіне мониторинг жүргізуге, сондай-ақ елдің өңірлерде қара және түсті металдардың қалдықтары мен сынықтардың бағасының өзекті өзгерістерін бақылауға мүмкіндік береді. "Түсті және қара металдардың қалдықтары мен сынықтарды жинау, сақтау, қайта өңдеу және сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды белгілеу туралы" бұйрық. Мемлекеттік тіркелімі 04.05.2020 жылғы № 266. Бұйрықта барлық қауіпсіздік шаралары, сондай-ақ электр техникалық және зымыран-ғарыштық сынықтарды, байланыс желілерінің кабельдерін, рельстерді, бұрын қолданыста болған темір жол төсемі мен жылжымалы құрам элементтерін, кәріз қақпақтарын қабылдауға жол бермеу көзделген.

Қазіргі уақытта "Қара және түсті металдардың қалдықтары  мен сынықтарды тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы" ИИДМ, ҰЭМ және Қаржы министрлігінің бірлескен бұйрығы қолданылады. Оған сәйкес ҚР аумағынан қара және түсті металдардың қалдықтары мен сынықтарды автокөлікпен Үшінші елдерге және ЕАЭО-ға шығаруға тыйым салынады. Бұйрықтың қолданылу мерзімі 2020 жылдың 18 қарашасына дейін.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов Министрлік сынық нарығын тиімді реттеу мақсатында сынық дайындаушылармен және металлургиялық кәсіпорындармен ішкі және сыртқы форматта мәжілістерді тұрақты негізде өткізіп тұратынын атап өтті.

"Бүгінгі Келісімге қол қою – металлургия саласы мен сынық дайындаушы кәсіпорындар бизнес өкілдері арасындағы өзара түсіністікке қол жеткізудің белгісі. Әрине, бұл біздің таңдаған бағытымыздың дұрыстығын дәлелдейді. Әлбетте, бұл -  барлық металлургиялық кешеннің, атап айтқанда сынық дайындаушылар мен металлургиялық кәсіпорындардың тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етудің бірінші кезеңі.

Ынтымақтастық туралы келісімге қол қою металлургиялық және балқыту кәсіпорындарын қажетті шикізатпен толық қамтамасыз етеді деп үмітенеміз және сынықтарды қайта өңдеу кәсіпорындарының ішкі нарық тұтынушылығын 100% қамтамасыз етуге мүмкіндігін береді деп сенеміз", - деді вице-министр.

Тараптар Келісімнің негізгі ережелерін талқылады. Келісімде тараптардың ұзақ мерзімді және тұрақты негізде өзара тиімді және тең құқықты ынтымақтастыққа мүдделілігі ескеріледі. Олар ашықтық және тараптар мүдделерін өзара құрметтеу қағидаттарына негізделген.

Келісімде металлургиялық кәсіпорындардыңмынадай міндеттемелері қарастырылған:

- жеткізу көлемін көрсете отырып, сынық дайындау компанияларымен металл сынықтарын жеткізуге ұзақ мерзімді келісім-шарттар жасасу;

- жасалған келісім-шартта көрсетілген шарттар бойынша қолма-қол ақшасыз нысанда берілген металл сынықтарының көлемі үшін ақы төлеу;

- төлем шарттары, металл сынығына қойылатын техникалық талаптар және басқа да міндеттемелер тікелей компаниялар арасындағы шартта ескертілетін болады.

Сынық дайындау кәсіпорындары металл сынықтарын жеткізу көлемін көрсете отырып, металлургия кәсіпорындары үшін металл сынықтарын (саны және сапасы бойынша) жеткізудің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, металлургиялық компаниялармен металл сынықтарын жеткізуге ұзақ мерзімді келісім-шарттар жасасуға міндеттеледі.

Министрлік өз кезегінде тараптардың жеткізулер бойынша келісімшарттық міндеттемелерді орындауына мониторинг жүргізеді. Барлық металлургия кешенінің отандық кәсіпорындарының, атап айтқанда, сынық дайындау және металлургия кәсіпорындарының тұрақты және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Металлургия кәсіпорындарының атына ел ішінде металл сынықтарын темір жолмен тасымалдау тарифтеріне төмендету коэффициенттерін белгілеу жөніндегі мемлекеттік шараларды қабылдауға жәрдемдесуді көздейді.

Осылайша, Келісімге қол қою металлургия кәсіпорындарының шикізатпен толық жүктелуін және елдің сынық дайындаушыларының тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.