Жақында үш жоғары оқу орнын бітірген 3 мыңнан астам түлек диплом алғалы отыр. Олар 11 факультетте білім нәрімен сусындап, 79 мамандықтың иесі атанды, деп жазады Egemen.kz
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары ұсынған мәліметке сүйенер болсақ, биыл "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасы аясында "Жастар тәжірибесіне" 1 140 адамды жіберу көзделіпті. Былтыр осы жобаға тартылған 1 325 түлектің 60 пайызы тұрақты жұмысқа орналасыпты.