• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Маусым, 2020

6,5 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысты

346 рет
көрсетілді

2020 жылғы қаңтар-мамыр айларында 6,5 мың мүгедектігі бар адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысушылар құрамына қосылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына – 2 мыңға жуық адам, уақытша жұмысқа – 4,5 мың адам орналастырылды, - деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

"Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 29 адам микрокредит алды, оның 24-сі жеке ісін ашты, 106 адам грант алды.

Сонымен қатар "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңға (бұдан әрі - Заң) сәйкес, жергілікті атқарушы органдар еңбек жағдайлары ауыр, зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есепке алмағанда, мүгедектерге арналған жұмыс орындарына жұмыс орындарының санынан екі-төрт пайыз мөлшерінде квота белгілеу арқылы халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді.

Заң нормаларын жүзеге асыру кезінде Мүгедектерге арналған жұмыс орындарын квоталау қағидалары бекітілді. 2020 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша квота бойынша 12 мың адамды жұмысқа орналастыру белгіленген, оның ішінде 3 мың мүгедек жұмысқа орналастырылды.

Осы жылы республикалық бюджеттен көру, есту қабілеті және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектер үшін 31 арнайы жұмыс орнын құруға 34,3 млн теңге қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 695 мың мүгедек тұрады, оның ішінде 424 мыңы еңбекке қабілетті жаста (61%), 112 мың адам жұмыс істейді.