• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Маусым, 2020

Індетке байланысты Шымкенттегі этноауылдың ашылуы кейінге қалдырылды

563 рет
көрсетілді

Шымкент қаласында "Наурыз" алаңы маңында "Көне қала" этножобасы бой көтеруде. Этноқалашықта "Шымкент 2020 - ТМД елдерінің мәдени астанасы" жылы аясында қала тұрғындары мен қонақтарына ұлттық салт-дәстүр құндылықтарын насихаттау мақсатында әр сенбі, жексенбі күндері іс-шаралар өтеді деп жоспарланған болатын, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Көне қала" этноауылында 12 киіз үй мен көрме қойылатын жартылай киіз үй, Ақ қанатты шатыр үй де құру жоспарланған. Сонымен қатар ауылда алтыбақан шағын саулет нысандары да құрылады. Құрылыста балалар үшін арнайы алаң да қарастырылған.

Киіз үйлерде Шымкент қаласының 2200, ғұлама, ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150, ақын Абай Құнанбайұлының 175, компазитор Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған тақырыптық көрмелер ұйымдастырылады. Төрт киіз үй Қазақтың ұлттық тағамдарына арналса, Көрпе тігу үйі, Салт-дәстүр үйі, Әжелер үйі және Бас киіз үй тақырыпқа сай безендіріледі. Ал жартылай киіз үйлерде қолөнер бұымдарының көрмелері қойылады.

Қалашықтың іші қорған-қалашық түріндегі жобаның ортасында ақ шатырлы орда түріндегі дөңгелек сахна орналасқан. Сахнаның алдында 200 орындық көрермендер алаңы болады. Сахналық алаңның екі шетінде арба үстіне тігілген киіз үйлер қойылады деп жоспарланған.

Қалашықтың ауыл-алаңқайларында қолөнершілер ауылы, құсбегі-саятшылар ауылы, зергерлер ауылы, қымызшылар ауылы, ұлттық тағамдар ауылы, музыкалық аспаптар көрмесі, балаларға арналған ойын алаңдары орналасады.

Келушілерге ұлттық киім киген қыз-жігіттер қонақтарды қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстырады. Этноқалашықта көрермендер ұлттық спорт түрлерін тамашалап, киіз үй тігу, сырмақ басу, ши тоқу, мал сойып, ет асу процестеріне қатыса алады. Қазақтың ән-күйін тыңдап, ұлттық қолөнер бұйымдарын естелік ретінде сатып алуға болады. Сондай-ақ кешкі ойын-сауық пен ұлттық салт-дәстүрден сыр шертетін қойылымдары тағы бар.

Айта кетерлігі, әлемді жайлаған қауіпті індетке байланысты қалашықтың ашылуы кейінге шегірілді.