• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Маусым, 2020

Атырауда індетке шалдыққан жетінші жүкті әйел босанды

150 рет
көрсетілді

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, - деп жазады Egemen.kz.

Жүкті әйелдің босануына облыстық перинаталдық орталықтың мамандары акушерлік көмегін көрсетті. Дүниеге аман-сау келген нәрестеден  коронавирус инфекциясына қарсы талдау алынып, таза палатаға ауыстырылыпты.

"Босанған  әйел – Қызылқоға ауданының тұрғыны. Сәбидің салмағы –  3 кило, 394 грамм, ал, бойы – 52 см. Анасының да, нәрестенің де  жағдайы жақсы. Жас анаға  тиісті емдеу шаралары әрі қарай жүргізілетін болады", - деп хабарлады облыстық  денсаулық сақтау басқармасынан.

Бұдан бұрын коронавирус  диагнозымен ем қабылдап жатқан 4  және жазылып шыққан 2 әйел босанған еді.

 

Атырау облысы

 

Соңғы жаңалықтар