• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Маусым, 2020

COVID - 19: Бейжің қаласында қоғамдық көліктерге шектеу қойылды

297 рет
көрсетілді

Бейжіңде муниципалитет қоғамдық көліктерді пайдалануға шектеулер қойды. Бұл туралы euronews.com агенттігіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Енді Қытай астанасының тұрғындарына тек таксиге тапсырыс беруге болады. Қалааралық рейстер мен автобустарға да дәл осындай шаралар қолданыла бастады. Қазір қалада коронавирустық инфекцияның өршуі анық байқалуда. Билік өкілдерінің мәліметінше, теңіз өнімдерін сататын базарлардың бірінде инфекция қайта шыққаны жөнінде ақпарат бар.

ДДҰ айтуынша ЕО елдерінде індет жағдайдың нашарлауына алып келмеуі керек. Аталмыш ұйым пандемияның екінші толқыны үшін дайындық жүргізуге шақыруда. Бұл туралы ДДСҰ-ның бас директоры Тедрос Адхан Гебрейюс: "Егер Еуропада жағдай салыстырмалы түрде жақсы болып көрінсе, басқа аймақтарда жағдай нашар болуы мүмкін. Мен сіздерге індетпен ауырған адамдардың санын айтайын – екі айдың ішінде жұқтырғандар 100 мыңға жетті. Екі аптаның ішінде күн сайын дерлік 100 000 адамнан инфекция анықталып жатыр", - деді.

Айта кетейік, пандемия жағдайына қарамастан, Лондон тұрғындары сауда дүкендерін аралауды жалғастыруда. Оксфорд көшесіндегі әйгілі "Сельфридж" дүкені сатып алушыларды қайта қабылдап жатыр.  Бұл дүкен соғыс кезінен кейін екінші рет жабылған еді.

Британияда сауда-саттық дүкендер қайта ашылды. Бірақ кинотеатрлар мен хайуанаттар бағының жұмысы тоқтап тұр. Қоғамдық көліктерде маска тағып жүру міндетті.

 

 

Қызғалдақ ОМАР,

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Саясаттану және журналистика факультетінің 3-курс студенті