• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Маусым, 2020

Атырауда балабақшаның үш қызметкерінен коронавирус анықталды

265 рет
көрсетілді

Атырау қалалық білім беру бөлімінің бас маманы Айжан Есмағанбетованың  мәліметіне сүйенсек, 8 маусымда №30 "Жұмбақ" балабақшасында таңертеңгі сағат 08.00-де жұмысқа рұқсат алу үшін температуралық тексерістен өткен қызметкерде дене қызуы болмаған екен, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Бірақ,  респираторлық инфекция белгілері анықталған соң, қызметкер  тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаға жіберіліпті. Сол күні сағат 14.00-де емхананың учаскелік дәрігері жедел респираторлық ауруды растап, қызметкерге еңбекке жарамсыз бетшесін  ашыпты.

Ал, 11 маусымда балабақшаның қызметкерінен коронавирусқа алынған сынама оң нәтиже көрсетіпті.

"Біз осыдан кейін балабақшаның кіші тобындағы балалар мен қызметкерлерден сынама алуды ұйымдастырдық. Сынама қорытындысында балаларда инфекция белгісі табылған жоқ. Бірақ, екі қызметкерден қауіпті індеттің симптомсыз белгісі анықталды", - деді Айжан Есмағанбетова.

Аталған балабақша 12 маусымнан бері жұмысын тоқтатты. Онда дезинфекция жүргізіліпті. Індет жұқтырған алғашқы қызметкер  ауруханаға жатқызылса, екі қызметкер үй карантинінде жатыр.

 

Атырау