• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Маусым, 2020

Жол бойына контейнерлік модульдер орнатылмақ

246 рет
көрсетілді

Жалпы, облыс аумағында жол бойында арнайы сервистік қызмет көрсететін 105 нысан бар, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" АҚ облыстық филиалының мәліметінше, 105 нысанның 30-ы бос тұр, қалған 56 нысан жылы дәретханалар мен автокөлік тұрақтары жоқ, қажетті стандартқа сай келмейді.

Еліміздегі  "Автомобиль жолдары" туралы 2015 жылы заңнама өзгерістеріне сәйкес, республикалық маңызы бар жол бойындағы нысандардың барлығы жылы дәретханамен қамтылуы тиіс.

Биыл жаз айында Ақтоғай, Железин, Баянауыл, Аққулы аудандарының  шыға берісіне ас ішетін орын, азық-түлік дүкені және жылы дәретханасы бар  контейнерлік модульдер орнатылады.

Бір модульдің бағасы- 28 миллион теңге.

Ал, жол бойындағы жанар-жағармай бекеттері дәретханаларына жолаушыларды кіргізбейді.

Облыстық кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының хабарынша, өңірдегі жол бойындағы сервистік қызмет көрсету нысандарының 50-де жылы дәретхана бар.

Өткен жылы жол бойында қызмет көрсететін 4 нысан іске қосылған. Биыл тағы 9 жаңа нысанды пайдалануға берілмек.

Филиал  мәліметінше, егер құжаттарға өзгерістер енгізілсе, қажетті стандартты орындағысы келмейтін  жол бойындағы кәсіпкерлік нысандарына айыппұл салу.

Немесе, жол бойында қызмет көрсету орнына бұрылатын жолды жауып тастау.

Сонымен бірге, аудан-қала әкімдерін жергілікті кәсіпкерлермен жұмыс жүргізуді қолға алулары қажет.

Филиал мәліметінше, қазір біздің Үкімет KazWay контейнерлік типіндегі модульді павильондар орнатуды  бастамақ екен.

Яғни, 2025 жылға дейін еліміздің жолдарында дәл осындай 360 сервистік нысан орнатылады.

Алғашқы кезекте жалпы құны 1,5 млрд. теңге болатын 66 модуль салынады. Олардың 5 -і біздің облыста орнатылмақ.

Павлодар  облысы