• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Әлем 17 Маусым, 2020

Ресейдегі парадқа 12 елдің әскері келді

509 рет
көрсетілді

Ресейде 24 маусымда өтетін Жеңістің 75 жылдығына арналған парадқа 12 елдің әскері келіп жетті, - деп хабарлады Риа Новости.

Парадты басқаратын құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы, армия генералы Олег Салюковтың айтуынша, парадқа Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Белоруссия, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Сербия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Молдованың өкілдері  қатысады.

Бұған дейін Ресей Президенті Владимир Путин коронавирусқа байланысты аталған іс-шараны өткізуді кейінге қалдырған болатын. Осылайша 9 мамырда Ресей қалаларында тек  әуе парадтары мен мерекелік отшашулар болған еді. Кейінірек мамыр айының соңында мемлекет басшысы Жеңіс шеруі 24 маусымда өтеді деп мәлімдеді.

Белгілі болғандай, Қызыл алаңдағы шеруге 13 мыңнан астам әскери қатысады. 234 заманауи және тарихи құрлықтағы әскери техника және 75 ұшақ пен тікұшақ жұмылдырылады.

Парадтық оркестрде 900 музыкант өнер көрсетеді. Жалпы алғанда, әскери парадқа 64 мыңнан астам әскери, 2,4 мың автомобиль және авиациялық техника, сондай-ақ 20 жер үсті кемелері, сүңгуір қайықтары және тірек кемелері қатысады.