Мәскеу Епархия кеңесі жанындағы миссионерлік комиссияның басшысы иеромонах Димитрий (Першин) аса ауыр салмақта әлем чемпиондығы үшін таласта ресейлік Александр Поветкиннің украин Владимир Кличкодан жеңіліп қалуында діни астар бар деп есептейді. Бұл туралы РИА «Интерфакс» хабарлады.
«Боксшының басты қателігі қайткенде де жеңуім керек деген ойдың жетегеніде кеткенінде ме деп қорқамын, - деді Димитрий әкей жексенбі агенттік тілшісіне. – Айталық, адам қандай да бір спорттық жетістіктер үшін де жанын төлем етуіне болмайды. Кез келген энергия үшін өзіңнің ішкі дүниеңді шығармауыңа да болады».
Ол ұрыс кезінде А.Поветкинге «ата-бабалар аруағы» көмектеспен деп санайды. «Поветкин өзінің спорттық жолының басында православие дінін ұстанатынын айтқан еді, сосын пұтқа табынудың жаңа дәстүрін қабылдады. Мұны оның жап-жаңа руникалық татуировкасы мен кейде рингке шығарда ыңылдап айтатын әнінің мақамы да анық білдіреді», - деді ол. Бұдан әрі дінбасы: «Бұл балаға рунаны шұқылап салу емес, жақсылап жаттығу керек», - дегенді қадап айтты.
Соңынан священник Поветкиннің Кличкомен шайқасы оның спортшылық өміріндегі соңғы жекпе-жек болмайтынын айта келіп, оған «тездетіп нағыз православиеліктер – Андрей Рублев пен Дмитрий Донской, Александр Суврорв пен Александр Пушкин, архимандрита Иоанн (Крестьянкин) мен композитора Георгий Свиридов қабылдаған православие дініне қайта өтуі керек» екенін мәлімдеді.
«Біздің жүрегімізге керегі тас мүсіндер (руналар, бойтұмарлар, оқылған заттар) емес, Христі сүюдегі азат өмір екенін естен шығармауымыз керек», - деді дінбасы.
Мұрат Айтқожа.