• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Экономика 17 Маусым, 2020

Айыппұл көлеміне қатысты түсініктеме берілді

501 рет
көрсетілді

Аталмыш шара бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің талаптарын бұзғаны үшін қолданылатын болады. Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің талаптарын бұзғаны үшін Алматыда бизнес субектілеріне салынатын айыппұл мөлшері 4 млн теңгеге жетуі мүмкін деп хабарланған болатын, - деп жазады Egemen.kz

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов  Рүстем  Жүрсінов  бүгін  журналистермен кездескен кезде санитарлық нормаларды бұзғаны үшін Алматыдағы бизнес субъектілерінің 2,5%-ы ғана әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтты. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес, айыппұл мөлшері шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 100 АЕК (277,8 мың теңге), орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 200 АЕК (555,6 мың теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 500 АЕК (1,4 млн теңге) құрайды, бұл ретте кәсіпкерлік субъектісінің қызметі тоқтатылуы да мүмкін.

Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін ірі бизнес субъектілеріне 4 млн теңге көлемінде айыппұл тағайындалады (ӘҚБтК-нің 425-бабы). Дегенмен, орын алған жағдайда бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулылары заңға жатпайды, сондықтан бұл бап қолданылмайды.

Алайда, бизнес санитарлық талаптарды бұзғаны үшін айыппұл санкцияларын қолдану мәселелеріне қатысты алаңдаған Б. Рүстемов Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшинге хат жолдап,  санитарлық талаптардың бұзылуының алдын алуды, елеусіз бұзушылықтар орын алған жағдайда ескерту жасауды және бұзушылық қайталанған жағдайда ғана айыппұл салуды ұсынған. Жақында оңтүстік астананың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінен алып,  Алматыда карантин жарияланған сәттен бастап санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтау бойынша 3825 кәсіпкерлік нысаны қамтылғандығы және де тек 2,5%-на немесе 100-ге жуық кәсіпкерге қатысты әкімшілік жазалау шаралары қолданылғандығы айтылған.

"Қазақстанда COVID-19 күшейіп келеді. 15 маусымдағы жағдай бойынша сырқаттанғандар саны 15192 адамды құрады (тәулігіне 383), 14 маусымда 313 ауру анықталды, 13 маусымда - 258, 12 маусымда - 366, 1 маусымда - 314. Көріп отырғанымыздай, сырқаттанушылар саны күн санап артып келеді.

Өкінішке орай, қарапайым азаматтар тәртіп бұзушылыққа барлық жерде жол береді. Маска кию тәртібі мен әлеуметтік қашықтық сақталмайды, адамдар отбасылық іс-шараларды ұйымдастыруын, қонаққа баруын тоқтатар емес. Бизнеске келетін болсақ, кейбір кәсіпкерлер көбінесе қарапайым талаптарды орындамайды (маскалық режим, қолғап кию, бөлменің кіре берісінде санитерлерді орнату)" дейді Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов.   

Сондай-ақ Р. Жүрсінов барлық кәсіпкерлерге   азаматтарымыздың денсаулығы өз қолымызда екенін, бизнес қызметкерлердің санитарлық талаптарды сақтауын қамтамасыз ететін болса және оны өз тұтынушыларынан талап ететін болса, онда бірлескен күш-жігердің арқасында сырқаттанушылардың санын азайта алатынымызды айтып өтті.

"Ал елдегі эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы әлі де жабық күйінде қалып отырған (кинотеатрлар, ойын-сауық орындары, банкет залдары және т.б.) бизнесті қайта жаңартуға алып келеді.

Біз бірлескен күш-жігердің арқасында коронавирустық инфекциямен күресте және экономиканы қалпына келтіру барысында табысқа қол жеткіземіз деген үміттемін" деп сөзін қорытты Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов  .