• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Әлем 17 Маусым, 2020

Тұманды Альбионды "қиын кезеңдер күтіп тұр"...

181 рет
көрсетілді

Тұманды Альбионның премьер-министрі Борис Джонсон коронавируспен байланысты дағдарыстан шығу кезеңінде Ұлыбритания үшін «қиын кезеңдер» туатыны туралы ескертті. Бұл туралы BBC News агенттігіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Шотландтық ұлттық партиядан шыққан Ян Блэкфордтың әлеуметтік жағдайы нашар отбасылар туралы сұрағына Б.Джонсон былайша жауап қатты: «Үкімет жеңілдіктер мен шығындарды азайту бағдарламасына қомақты қаржы бөліп жатыр», дейді премьер-министр.       

Оның айтуынша, үкімет мұқтаж отбасыларға көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда, бірақ ол: «Қиын кезеңдер болады және біз қолымыздан келгеннің бәрін істеуге дайынбыз», дейді Б.Джонсон.        

Сондай-ақ үкімет басшысы Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің (NHS) қызметкерлеріне қосымша ақы төленетінін сөз етті. Қаржылық дағдарыстың бетін қайтаруда Ұлыбритания барлық шараны жүзеге асыруда. «Мемлекеттік денсаулық сақтау қызметінің қызметкерлеріне қажетті қолдауды алу өте маңызды. Бірыңғай жалақы төленетін NHS-ке немесе денсаулық сақтау ұйымдары қайтарылады. Біз мүмкіндігінше тезірек жаңа шараларды енгізуді жалғастырамыз», деді премьер-министр.