• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Маусым, 2020

Оралда түлектер әкіммен онлайн кездесті

454 рет
көрсетілді

Биыл Орал қаласында 2013 оқушы мектеп бітірді. Оның ішінде 86 түлек алтын белгі иегері атанды. Үлкен өмірге қанат қаққан түлектермен Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков онлайн кездесу өткізді. Жиын соңы сыйлықсыз болмады, деп хабарлайды Egemen.kz

Биыл "Алтын белгі" алған 61 түлек қазақ мектебін, 25-і - орыс тілінде блім беретін мектепті тәмамдаған. Бұған қоса 70 түлек үздік аттестат иегері атанды. Мектеп бітірушілердің 84 пайызы алдағы Ұлттық бірыңғай тест сынағында бақ сынамақ.

Қала басшысы өз сөзінде 9 түлегі «Алтын белгіге» ие олған №42 мектепті, 8 «алтыны» бар №44 мектеп-гимназияны, 7 оқушысы мектепті алтын белгіге бітірген №30 мектепті арнайы атап, үздік оқушылар мен олардың ұстаздарын үлкен жетістігімен құттықтады.

"Әлемді жайлаған пандемияға байланысты елімізде төтенше жағдай жарияланып, сақтық шараларын сақтау мақсатында мектептер қашықтан оқытып, биылғы соңғы қоңырау рәсімі онлайн түрде өтті. Әрқашан да ұстаздар мен ата-аналардың қуаныштарына тілектеспіз, дегенмен қатерлі дерттің қаупі сейілген жоқ. Сақтық шаралары балаларымыздың амандығы үшін жасалып отыр. Сындарлы сәтте қиын жағдайға қарамастан оқушыларды білім нәрімен сусындатып, оқу үрдісін нәтижелі ұйымдастыра білген ұстаздарға, балаларға тіреу болып, қолдау білдірген ата-аналар қауымына зор алғысымды білдіремін!", деді Абат Абайұлы.

Онлайн кездесуде оқушылар тарапынан №42 мектеп-гимназия түлегі Ахат Әбдірахманов, №46 мектепті бітіруші Сымбат Дәулетшарова сөз сөйлеп, алаңсыз білім алуға ұстаздары мен ата-аналарына, ел ағаларына алғыс айтты. Мектеп бітіруші түлектер атынан Аяна Қажымова мен Әлихан Ажымұратов "Бір үйдің баласындай" атты әнді сыйға тартты.

Кездесу соңында мектеп бітіруші түлектерге қала әкімі атынан естелік кітап және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

 

Батыс Қазақстан