АҚШ-тың «Бостон Динамикс» компаниясының лабораториясында «Жабайы мысық» деп аталатын жылдам қозғалатын төрт аяқты робот жасалды. Бұл туралы «Россия 24» телеканалы хабарлады.
Сағатына 26 шақырым қашықтықты басып өте алатын «Жабайы мысық» ұзақтан радиохабар жібере алады әрі жүк тасиды.
Бұл робот АҚШ Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша жасалған. Роботты құрастырушылардың айтуынша, бұл «Жабайы мысық» алдағы уақытта АҚШ жаяу әскеріне үлкен көмегін тигізбек.
Жолдыбай Базар.