• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Маусым, 2020

Павлодарда соңғы 3 жылда қала мектептеріне 400 жас маман келген

189 рет
көрсетілді

Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, жыл сайын облыс  орталығындағы мектептер жас ұстаздармен толығуда,- деп хабарлайды Egemen.kz.

Биылғы 2019-2020 аралығындағы оқу жылында 158 жас маман келді. Ал, соңғы 3 жылда қаладағы мектептерге келген 400-мұғалім қазір қызмет жасауда.

Бұл нәтиже қала мектептерінде  "Жас мамандар мектебі" жүйелі жұмыс істейтінін, тәлімгерлік қызметтің (менторлық) дамығанын көрсетуде.

Мектептердің жас  мамандар тартудағы осындай әдістемелік қызметтерінің жұмыс тәжірибесі облыс деңгейінде таныстырылуда.    

Білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетімен ұйымдастырылған "Жас мамандардың кәсіби клубы" (ПроЛС) жақсы жұмыстар атқаруда.

Бұл клубта жас педагогтар үшін "Педагогикалық дебют" номинациясы бойынша интернет-сабақтар, фестивальдер жиі ұйымдастырылады.  

Биыл   №19-шы мектептің информатика мұғалімі Алмас Серікбаев республикалық "Үздік педагог-2019" байқауының жеңімпазы атанды.                    

Сондай-ақ "Педагогикалық идеялар фестивалі–2019" республикалық байқауында №40 мектептің математика пәні мұғалімі Алина Бастенова мен  Қымбат Матай І орын, "Дарынды балаларға - талантты ұстаз – 2019" сайысында №40 мектептің логопед маманы Асылбек Жанбота ІІІ орын иеленді.

Облыстық деңгейде өткен түрлі байқауларда 19 жас мұғалім қатарынан облыстық "Педагогикалық бастамалар", "Үздік әдістемелік - дидактикалық құрал", "Заманауи сабақ" интернет-фестивалінің жүл-дегері атанды.

Білім  бөлімінің мәліметінше, бұл мақсаттар-жас педагогтарға деген қолдаудың нәтижесі. Жас мамандарды қолдайтын  заманға сай білім беру үлгілері ары қарай да жалғасады.

Павлодар қаласы