Үстіміздегі жылғы 29 қыркүйек күні ежелгі Олимп тауының етегінен сөре бастаған XXII қысқы Олимпия ойындарының алауы 5 қазан күні Афинада өткен салтанатты рәсімде «Сочи – 2014» ұйымдастыру комитеті делегациясына ресми түрде тапсырылды.

Келесі күні таңертең ол Мәскеуге жеткізілді. Грек жерінде тұтатылған отты тұғырды алып ұшқан ұшақ Внуково-3 әуежайына келіп қонды. Сол жерде байкерлер колоннасының қоршауындағы кортеж оны Қызыл алаңға алып келді. Сол жерде олимпиялық алау тұғырына от беру рәсімі орындалды. Содан соң алау эстафетасының Кремльдегі кезеңіне кезек берілді. Ұзын-ырғасы 9 бөліктен құралған бұл мәре Александр бағында аяқталды. Оған қызмет етуге 50 мыңнан астам адам қатысты.
Жалпы, алау Мәскеуде 6-9 қазан аралығында болады. Содан соң оның Ресей жеріндегі 123 күнге және 6,5 мың шақырымға созылатын ұзақ сапары басталады. Осыған арналған рәсім Васильев ылдиында өтеді. Алауды бірінші болып Олимпия ойындарының бес дүркін чемпионы Анастасия Давыдова алып жүгіреді. Бұдан әрі алау елдің 83 субъектісіне жол тартады. Жол 10 қазан күні Калининградтан түзіледі. Оның соңғы нүктесі Владивостокта қойылады. Сол бетімен 7 ақпан күні Сочиге барып бір-ақ аялдайды.
Руслан ИГІЛІК.