• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Маусым, 2020

"Еңбек" бағдарламасына 224 мыңнан астам адам қатысты

246 рет
көрсетілді

1 маусымдағы жағдай бойынша 224,7 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 184 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 99 мыңы – тұрақты жұмысқа орналастырылды, - деп хабарлады ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 85,4 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына – 12,6 мың, жастар практикасына – 10,6 мың, қоғамдық жұмыстарға – 62,2 мың адам.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру үшін ағымдағы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жұмыс күші артық оңтүстік өңірлерден 691 отбасы құрамында 2 445 адам қоныс аударды.

Техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі – ТжКБ) ұйымдарында 52,5 мың адам оқуын жалғастыруда, олар стипендиямен, бір рет ыстық тамақпен және жол жүруге материалдық көмекпен қамтамасыз етілген. Ағымдағы жылы ТжКБ жүйесінде 21 мың адамды оқумен қамту жоспарлануда.

2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарына 1,5 мың адам жіберілді, жыл соңына дейін осы шарамен 16,8 мың адамды қамту жоспарлануда.

Жыл басынан бері Мемлекеттік бағдарлама аясында жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 10,4 млрд. теңгеге 2 179 микрокредит берілді, оның ішінде 1 963 микрокредит ауыл кәсіпкерлеріне берілді, олар 2 206 жұмыс орнын құрды.

Сондай-ақ, бағдарламаға қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде 24 мың мемлекеттік грант беріледі. Ағымдағы жылдың 1 маусымына 5,3 мың мемлекеттік грант берілді.

Бұдан басқа, 30 мың адам "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады.