Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев коронавируске байланысты оқшауланды. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.
"Қазіргі кезде Қазақстанның Тұңғыш Президенті өзін-өзі оқшаулады. Өкінішке қарай, Елбасының коронавирус инфекциясына тапсырған соңғы сынамасы оң нәтиже көрсетті. Алайда, алаңдауға негіз жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев қашықтан жұмыс істеуді жалғастыруда", - делінген хабарламада.