Полиция қызметкерлері былтырдан бері жеке сектордағы үйлерді тонап келген қылмыстық топ ұстай алмай жүр еді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, қылмыстық топ құрамында 3 адам болған. Күдіктілердің 10 ұрлық дерегіне қатысы тексеріліп жатыр.
"Олар жеке үйлерге палстикалық терезелерді ашу арқылы кірген. Тек бір үйден аңшылық қаруды оқ-дәрісімен бірге, қымбат әшекей бұйымдарды,сондай-ақ, бриллиандпен көмкерілген қол сағаттарын ұрлап, 1 млн 500 мың теңгеден астам шығын келтірген", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.