• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Маусым, 2020

Шетел университеттерінде 610-нан аса қазақстандық тегін білім алады

377 рет
көрсетілді

Шет елдермен білім беру саласындағы мәселелер бойынша 20 келісімге қол қою жоспарланып отыр, - деп жазады Egemen.kz

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов басқа елдердегі Қазақстан елшіліктерінің өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді. Жиынға қатысушылар қазақстандық жоғары білім саласын интернационализациялау бойынша халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.Министрлік тұжырымдамалар дайындап, 20 келісімшартқа қол қоюға дайындалып жатыр, олар келесі мәселелерді қамтитын болады:

бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту; студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту; жоғары оқу орындарында қос дипломды бағдарламалар ашу; тепе-тең негізде гранттар бөлу; білім туралы құжаттарды тану.

Алмасу бағдарламасы аясында жыл сайын шетелдік жоо-ларда 610-нан астам қазақстандық студент грант бойынша білім алады. Сонымен қатар еліміздің жоғары оқу орындарында квота саны артты, бүгінде 345-ке жуық шетелдік азаматтың Қазақстанда білім алуына болады.