Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды, - деп хабарлайды Egemen.kz
"Маған да өзін өзі оқшаулау режиміне кетуге тура келді. Инфекциядан барынша сақтанғаныма қарамастан, менен коронавирустың симптомсыз түрі анықталды. Тезірек жазылып, жұмысқа кірісу үшін дәрігерлердің берген нұсқауларын орындаудамын. Азаматтарымызды маска тағып, антисептиктер қолданып, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамын", деп жазды ол Facebook парақшасында.