• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 18 Маусым, 2020

Асқар Мамин Елбасының сауығып кетуін тіледі

186 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Асқар Мамин Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сырқатынан тезірек айығып шығуын тіледі. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

"Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың коронавирус инфекциясына тапсырған тестінің нәтижелерін ерекше уайыммен және алаңдай отырып қабылдадық. Өз атымнан және Үкіметтің барлық мүшелерінің атынан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына тезірек сауығып шығып, тәуелсіз Қазақстанның игілігі жолында ұзақ жылдар бойы еңбек етуді тілеймін.

Бақытымызға орай, Нұрсұлтан Әбішұлы өзін жақсы сезінуде және өзіне тән сергектігімен қашықтан жұмыс істеп жатыр", - деді Асқар Мамин.