Өрт сөндіру қызметіне Чкалов көшесіндегі № 7-үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шыққаны туралы хабар бүгін таңертең келіп түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер пәтердің қонақ бөлмесіндегі жиһаздың жанып жатқанын анықтайды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
"Қызыл жалынды ауыздықтау барысында пәтер ішінде жалғыз қалған бір бала құтқарылып, 12 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 4 бала бар. Өрт сөндірушілердің шұғыл әрекетінің арқасында зардап шеккендер болған жоқ. Өрттің шығу себебі мен материалдық шығын анықталып жатыр". - деп хабарлады облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі
Өртті сөндіруге 16 адам және 3 арнайы техника қатысқан.