• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
09 Қазан, 2013

Өзара мүдделестік тұрғысындағы әңгіме

283 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Қазақстанға сапармен келген Penal reform international (Халықаралық түрме реформасы) халықаралық ұйымының сарапшысы Красимир Каневпен кездесті, деп хабарлады Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанда азаптаудың алдын алу жөніндегі жоба шеңберіндегі Орталық Азия аумағындағы Penal reform International (Халықаралық түрме реформасы) халықаралық ұйымының өкілдігі мен қазақстандық ұлттық құқық қорғау мекемесі арасындағы ынтымақтастық мәселелерін сөз етті.

Кездесу барысын­да Ом­будс­мен БҰҰ-ның Азап­тау­ларға қар­сы конвенциясы мен Факультативтік хаттамасының ұлт­тық заңнамамызға имплемен­тация үдерістерін түсіндірді. Ха­лық­аралық сарапшы ағымдағы жылы Мемлекет басшысы қол қойған азаптаудың алдын алу жөніндегі ұлттық алдын алу тетігін құру туралы заңға байланысты мәселелерден хабардар етілді.

Тараптар бірлескен жобалар­ шеңберіндегі әрекеттестік оң нә­тижелер беріп отырғанын атап көрсетіп, оны бұдан әрі жал­ғастыруға мүдделілік танытты.

Соңғы жаңалықтар