• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
09 Қазан, 2013

Төрағаның елшімен кездесуі

263 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Лэ Юйчэнді қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Лэ Юйчэнді қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Нұрлан Нығматулиннің төр­аға­лығымен қазан айының 14-17-сі аралығында қазақстандық парламенттік делегацияның Қытайға сапары жоспарланған. Осы қарсаңда тараптар өзара іс-қимылдың маңызды мәселелерін талқыға салды.

Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың дәйекті әрі үдемелі даму жолына түскендігі тілге тиек етілді.

Өз сөзінде Нұрлан Нығма­ту­лин ҚХР Төрағасының біздің елімізге сапары барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпиннің арасында қол жеткізілген жо­ға­ры деңгейлі келісімдер екіжақты қарым-қатынастың стра­тегиялық көрсеткішінің тағы бір дәлелі екенін атап өтті.

Ал Лэ Юйчэн өз кезегінде Қазақстанның жетістіктеріне қа­тысты жылы лебізін білдірді.

– Астанаға келген алғашқы күн­нен бастап, мені Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­шылығының арқасында Қазақстан халқы қол жеткізген жетістіктер мен екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамуы таңғалдырды, – деді елші.

Қос елдің парламентаралық байланысы да назардан тыс қалмады.

– Парламентаралық өзара ын­тымақтастықты дамыту жолында, заң шығармашылық жұмысында тәжірибе алмасу, яғни маңызды бастамаларды заң­намалық қамтамасыз ету, са­лалық комитеттер арасында байланыстарды нығайту, парламентаралық ұйымдар ая­сындағы әріптестік басым ба­ғыттар болып табылады, – деді Мәжіліс Төрағасы.

Нұрлан Нығматулин мен Лэ Юйчэн парламенттер өкіл­дерінің байланысын алдағы уа­қытта да белсенді нығайтуға сенім білдірді.

– Қазақстан мен Қытай пар­ламентшілері арасындағы өз­ара іс-қимылды нығайту – екі мемлекеттің стратегиялық әріп­тес­тік қатынасын одан әрі жан-жақты дамытуға мүмкіндік бе­реді, – деп атап өтті Мәжіліс Төрағасы.

Кездесу иелері мемлекеттер арасындағы өзара тиімді ын­тымақтастық болашақта да екі елдің игілігі жолында қар­қын­ды дами береді деген ортақ пікірлерін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар