• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Маусым, 2020

Мұнайлы өлкедегі екі сәбиден коронавирус табылды

232 рет
көрсетілді

Мұнайлы өңірде коронавирус инфекциясына шалдыққандар арасында әр жастағы адамдар бар. Соңғы тәулікте инфекция белгісі 17 адамнан табылып отыр, деп жазады Egemen.kz

"Індет жұқтырғандардың екеуі – Теңіз кенішіндегі мердігер мекемелерде жұмыс жасаған  жұмысшылар. Ал 14 адам – Атырау қаласының тұрғындары. Олардың арасында бір жастағы 2 бала бар. Тағы бір жағдай Жылыой ауданында анықталды. Науқастардың бәрі инфекциялық ауруханаға жатқызылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдауда", деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Осы деректерді қоса алғанда Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырған 1379 адам тіркелді. Ал 1015 адам жазылып шықты.