• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Маусым, 2020

Шымкентте волонтерлерге Елбасының Алғыс хаты табысталды

272 рет
көрсетілді

Бүгін қала күніне орай Шымкент қаласының әкімі, Nur Otan партиясы қалалық филиалының төрағасы Мұрат Әйтенов конференциялық байланыс арқылы волонтерлерді құттықтап, "Birgemiz" республикалық акциясына белсенді қатысқандарды Тұңғыш Президент − Елбасының Алғыс хатымен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz  
Волонтерлердің көмегімен "Birgemiz" акциясы шеңберінде қаламызда бүгінгі күнге дейін 107 млн теңге көлемінде 8500-ге жуық мұқтаж отбасыларға азық-түлік үлестіріліп, жалғызбасты қарияларға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға және тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға 1 млн дана маска тегін таратылды.     Бұдан бөлек, волонтерлар зардап шеккен Мақтаарал ауданына 81 млн-нан астам қаржыға азық-түлік, гигиеналық заттар мен киім-кешектер және техника жөнелтуге қол ұшын созған.     "Волонтер болу – жүректің ісі, яғни шынайы ниеттің көрінісі. Сіздер қолға алған жұмыстардың барлығы дәл осындай мейірімділіктің жарқын үлгісі екеніне күмәніміз жоқ. Сіздерге барлық бастамаларыңызға сәттілік, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін", деді партия филиалының жетекшісі.     "Бүгін менің арманым орындалды! Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталдым! Бұл менің індет кезіндегі, аппаттар кезіндегі және жастар саясатындағы 6 жыл бойы еңбегімнің жемісі!" деп ерікті Жасмин Ашимова жастарды белсенділікке шақырды.    Кездесу соңында партиялықтар жастар алдағы уақытта да ел игілігі мен еліміздің өсіп өркендеуі жолында аянбай еңбек ететіндігіне сенім білдірді.