Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ киностудиясында түсірілген режиссер Әмір Байғазиннің «Үйлесімділік сабақтары» атты көркем фильмі тәуелсіз фильмдердің «2morrow/Завтра» деп аталатын халықаралық 7-ші фестивалінде бас бәйгені жеңіп алды. Фестиваль 1-6 қазан аралығында Мәскеу қаласында өтті.

Аталмыш лента бұған дейін үздік операторлық жұмысы үшін «Күміс аю» жүлдесі мен Берлинде өткен кинофестивальде немістің «Моргенпост» басылымының арнайы сыйлығына ие болған еді. Картина, сондай-ақ, «Трайбек» кинофестивалінің «Қазылардың арнайы дипломын», Базельдегі Швейцария кинофестивалінің Гран-при жүлдесін, АҚШ-тың Сиэтл қаласындағы халықаралық кинофестиваль қазыларының «Үздік жаңа режиссер» Гран-приін, сондай-ақ Швейцарияда өткен посткеңестік елдер фестивалінің Гран-при тартуын алған болатын. Ал Мәскеу төрінде қазылар президенті Фредерик Бойер «Үйлесімділік сабақтарына» бас бәйгені беру жөніндегі ұйғарымның бір ауыздан қабылданғанын жеткізді.
Мұрат АЙТҚОЖА.