• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Маусым, 2020

Алматы полициясы қоғамдық орындардағы күзет қызметін күшейтті

389 рет
көрсетілді

Алматы полиция Департаменті демалыс күндері мегаполисте шектеу шаралары күшейе түсетіндігін еске салады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Көшеде азаматтардың жаппай жүретін жерлерді күзетуге көңіл бөлінеді: саябақтар, алаңдар, жағалау, сауда және ойын-сауық орталықтары және т.б. Қазір қалада бұл орындар жабық. Сонымен қатар, халыққа түсіндіру жұмыстары жандандырылды. Пандемия қаупінің қаншалықты маңызды екенін оның таралу дәрежесін әркім білуі және коронавирустық инфекцияға қарсы тұрудағы біздің жауапкершілігімізді білу өте маңызды. Санитарлық-гигиеналық нормаларды қатаң сақтауды, медициналық бетперде киюді және әлеуметтік қашықтықты сақтауды ұмытпауды ұсынамыз", - деді Алматы қалалық ПД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.