• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Маусым, 2020

Түркістан тұмауратып тұр

1386 рет
көрсетілді

Коронавирус індеті қоғамда үрей туғызып отырғаны жасырын емес. Түшкіргенге аларып қарайтын жұрт көпшілік ортадан бойын аулақ ұстауға тырысады. Осындай көңілі алаң көпшілікке WhatsApp әлеуметтік желісінде Түркістанда карантин күшейтіліп, қаланың жабылатыны туралы таралған ақпарат оңай тимегені анық.

Иә, соңғы күндері Түркістан қалалық орталық ауруханасына тұмаудың белгілерімен дәрігерлік көмекке азаматтар жиі жүгінуде. Науқастарда дене қызуының көтерілуі, жөтел және әлсіздік байқалған. Медициналық тексеру нәти­жесінде олардан пневмония, яғни өкпенің қабынуы анықталып отыр. Тексеру барысында науқастардан коронавирус инфекциясына теріс нәтиже шыққан. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық қоғамдық денсаулық басқар­масының басшысы Марат Пашимов ауруханаға түскен азаматтардан шұғыл түрде Covid-19 инфекциясына талдама алынатынын мәлім етті. Талдама анықталғанға дейін олар провизорлық бөлімде ем қабылдап, теріс нәтижесі шыққандары аурухана бөлімдеріне жатқызылып, тиісті емдерін қабылдауда.

«Статистика бойынша қазіргі таңда Түркістан об­лы­сындағы ауруханаларда 303 науқас пневмониядан ем қабылдауда. Жалпы, 87 азамат жазылып шыққан. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде ауруханаларда орын жетіспеушілігі туралы қауесет тарады. Бұл ақпарат та шындыққа жанаспайды. Ауруханаларда науқастарға төсек-орын жеткілікті. Кентау қалалық орталық ауруханасында 50 орындық соматикалық бө­лімше қайта даярланды. Түр­кістан қалалық орталық ауру­ханасында да қосымша 30 төсек-орын әзірленген. Орын алған жағдайға байланысты науқастарды жос­парлы жатқызуларға шектеу қойылған. Жеке клиникалар да өздеріне бекітіл­ген тұрғындарға тиісті меди­циналық қызмет көр­сетеді», деді М.Пашимов.

Сондай-ақ облыстың бас дәрігері өңір тұрғындарын қарантин режімін сақтап, инфекцияның таралуына­ жол бермеуге шақырды. Ме­­­­­­­­­­ди­­­циналық бетперде та­ғып,­­ антисептикалық заттарды­ үнемі қолдануға және екі метр қашықтықты сақтай отырып, қауіпсіздік шараларын қа­дағалауды ескертті.

Ал облыстың бас санитар-дәрігері Нұрбек Нышанов карантин режімі облыс аума­ғында эпидемиялық ахуал тұрақтанған кезеңге дейін жал­ғасатынын айтты.

«Эпидемиялық ахуал тұ­рақтануы үшін өсім 1 ап­та көлемінде 5%-дан аспауы қажет. Егер өсім 2%-дан аспаса, қосымша жеңілдіктер енгізілуіне негіз болады. Ал өсім көрсеткіші төмендемеген жағдайда карантиндік талаптар қайта күшейтіледі. Тұрғындарға қарапайым сақтық шараларына ерекше назар аударылуы тиіс екенін еске саламыз», деді Нұрбек Садықбекұлы.

Облыстың бас санитар-дәрігері отбасылық, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-ша­рал­ар­ды өткізуге, сауда ойын-са­­у­ық орталықтары жа­нын­­дағы ба­лалардың ойын алаң­дары, кинотеатрлардың, театр­лар­­дың, көрмелердің, түнгі клуб­тардың, батут және фуд­корттардың жұмысына, мал базарларының қызметіне ты­йым салынғанын айтты. Ка­рантин режімін және шектеу шараларын сақтамаған тұлғаларға еліміздің заң­намасында белгіленген та­лап­­­тарға сәйкес, әкімшілік жауап­­кершілікке тарту бойын­ша шара қолданылатынын ескертті.

Нұрбек Нышановтың айтуынша, Түркістан облысы бойынша коронавирус індетін жұқтырған 594 жағдай тіркелген. Ауырғандардың 7- і қайтыс болып, 265 адам жазылып шыққан.

Яғни Түркістан қаласын­дағы жағдайға қатысты WhatsApp әлеуметтік желісінде таратылған  ақпараттар жалған болып шықты. Осы орайда облыс әкімдігі тұрғындарды ресми расталмаған ақпараттарды қабылдамауға және таратпауға шақырды.

 

Түркістан облысы