• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Футбол 22 Маусым, 2020

Ең нашар бапкер анықталды

199 рет
көрсетілді

Британияның The Mirror басылымы Ағылшын Премьер-лигасындағы ең нашар жаттықтырушылардың рейтингін жариялады.

Антирейтингті Нидерланд маманы Франк де Бур бастап тұр. Ол АПЛ-дің «Кристал Пэлас» клубын 2017 жылы басқарған. Оның қол астында «Кристал Пэлас» төрт ойында жеңіліп, тек біреуінде ғана басым түскен. Осы «жетістігінен» кейін ол жұмысынан кеткен. Екінші орынды француз маманы Жак Сантини иеленді. 2004 жылғы Еуропа чемпионатынан кейін ол «Тоттенхэм» клубының жаттықтырушысы болып тағайындалып, 13 матчтан кейін қызметінен қуылған.

Рейтингтің үштігін Боб Брэдли түйін­деді. Боб АПЛ клубын жаттықтырған алғашқы америкалық бапкер ретінде де, 85 күннен кейін де Бур жұмыстан кеткен жаттықтырушы ретінде де тарихта қалды. АҚШ маманы «Суонси» клубын тізгіндеген.