• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Маусым, 2020

Шымкентте "Ақылды күнбағыс" жүйесі орнатылды

708 рет
көрсетілді

"Ақылды қалалар" эталондық стандартына сәйкес Шымкент қаласында "Ақылды күнбағыс" ақпараттық-танымдық жүйесі іске қосылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған қондырғыларды "NURCOMTEL" мекемесі қала әкімдігімен бірлесе отырып шаһардағы саябақтар мен қоғамдық орындарға орнатқан.

Қазіргі таңда "Ақылды күнбағыс" электронды жүйесінің 20 данасы Шымкенттегі  Тәуелсіздік, Орталық, Металлург, Жеңіс, А. Асқаров атындағы дендро саябағы мен  Қошқар ата өзені жағалауына қойылды.

Айта кетерлігі, тұрғындардың смартфон қуаттап, жалпыға қолжетімді Wi-Fi пайдалануына мүмкіндік беретін құрылғы күн көзінен қуат алатын панельдер мен аккумуляторлар арқылы жұмыс істейді.