Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Бұл туралы ол Twitter парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
"Қазақстанның полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Батылдық, адалдық, принципшілдік сияқты қасиеттер – қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігінің кепілі.
Сіздер пандемияға қарсы күрес секілді қиын-қыстау кезеңде де өздеріңізге жүктелген күрделі міндеттерді адал атқарып келесіздер. Барша полиция қызметкерлеріне зор денсаулық, бақ-береке, табыс тілеймін!" - деп жазды Президент.